Балқашта қызды зорлап, оны ұрып-соққан 4 ер адам сотталды. Енді олар өмірінің 5 жылын темір торда өткізеді. Қылмыстық оқиға былтырғы жылдың мамыр айында болған. 4 жас жігіт түнгі клубтан шығып келе жатқан қызды көріп, оның ізіне түседі. Кейін қызды қинап көліктеріне мінгізіп, көл жағалауына апарған. Сол жерде ұрып-соғып жаман ойларын жүзеге асырғаннан кейін, өздері оқиға орнынан тайып тұрған. Дегенмен бұзақылар көп ұзамай қолға түсті. Олардың біреуі құзырлы орган қызметкері болып шықты. Сот шешімімен қылмысқа барғандардың төртеуі де екі бап бойынша кінәлі деп табылып, бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, сотталушылардан жәбірленушіге моральдық шығын келтіргені үшін 2 миллион теңгеге жуық ақша өндіріліп алынды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.
Балқаш мыс балқыту зауытында қаза болған балқытушының өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиғадан кейін тексеріс жүргізген еңбек инспекицясы осындай қортындыға келді. Еске сала кетейік, төтенше жағдай 1 қаңтар күні мыс балқыту зауытында болған еді. 54 жастағы ер адам анод пешінде өзіне берілген жұмысты атқарып жатқан. Алайда технологиялық процесс кезінде мыс балқытушы пеш қабырғасы мен кранның жүк көтергішінің арасында қысылып қалған. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Балқаштық коммуналшылар балқаштықтар алдында есеп берді. Кездесу оқушылар сарайында өтті. Алайда, әншейінде коммуналшыларға тісін қайрап жүретін тұрғындар бұл жиында көрінбеді. Үлкен зал бос болды. Сауалына жауап алуға тек екі балқаштық қана келген. Басшыларға амалсыздан екі адамның алдында есеп беруге тура келді. Бірінші болып «Су Жылу Транс» мекемесінің өкілі атқарылған жұмысты баяндады. 2018 жылы 9 шақырым жылу желісін жаңалаған. Оған 163 млнға жуық қаржы жұмсапты. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. 2019 жылға бөлінетін сома көбірек. 181млн құрайды.
Қаламызда «Балқаш аруы» байқауына кастинг жарияланды. Өз бағын сынап көргісі келетін ақылына көркі сай қыздар 8 ақпанға дейін өтінім берулері қажет. Ал конкурс 27 ақпан күні мәдениет сарайында өтеді. Талаптарға тоқталсақ. Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы сұлулар қатыса алады. Үміткерлердің бойы 167 см төмен емес, шашы ұзын болуы тиіс. Мемлекеттк тілде еркін сөйлетін өзге ұлт өкілдері де байқауға қатыса алады. Ал бас жүлденің иесі 4 кезеңнің қорытындысы бойынша анықталады. Бірінші турда сұлулар ұлттық киімді паш етсе, екінші кезеңде замауни киім үлгісін көрсетеді. Кейін қатысушылардың өнері бағаланады. Соңғы турда қыздардың білімін тексеру мақсатында түрлі сұрақтар қойылады. Толық ақпаратты 4-57-94 нөмірінен біле аласыздар.
Ветерок би ансамбліне ресми түрде «Стурсинскийлер» отбасының есімі берілді. Осыған орай мәдениет сарайында үлкен концерт өтті. Шығармашылық кеш ссы ұжымның негізін қалаушы Людмила Стурсинскаяның туған күніне орай ұйымдастырылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login