Балқашта туберкулез дерті азайып келеді

Қалада туберкулез дерті азайып келеді. Былтырғы жылдың бірінші маусымында 16 тұрғыннан құрт ауруы анықталса, биыл тек 6 адам жұқтырған. Дәрігерлердің айтуынша, балқаштықтар денсаулықтарына көбірек мән бере бастады дейді. Бірақ, қуануға ерте. Өйткені, бұрындары туберкулез тыныс алу жолдарында жиі кездессе, ал қазір азқазан, ішек жолдарында табылып жатыр.

Бүгін 11 жастағы Ернұр емхана бөлімшесіне флюорографиялық тексерістен өту үшін келді. Себебі, фтизиатр маман оқушыға манту сынамасын еккеннен кейін ағзадағы өзгерісті байқаған .Яғни, туберкулезді ерте бастан анықтау үшін тері ішіне жасалатын екпе реакция берген. Алайда, соңғы қорытынды оң нәтиже шығарды.

Сәуле Имамбаева – қала тұрғыны
«Бізде манту екпесіне реакция болды. Сондықтан бүгін флюографиядан өту үшін келдік. Дәрігерлер барлығы жақсы дейді. Енді бізді есептен шығарады»

Туберкулезге қарсы диспансердегі ренгтен аппараты күні бойы жұмыс істейді. Бір тәулікте он шақты адам келіп тексеріледі. Оның ішінде есепте тұрған науқастармен қатар, құрт ауруына күдігі бар тұрғындар да бар.

Ал қалалық дәрігерлерді қуантатыны- биылғы санақ. Былтырғы жылдың бірінші тоқсанында 16 науқастан туберкулез дерті анықталса, осы жолғы есеп 10 адамға қысқарды. Инфекция көрсеткіші төмендеп келеді. Бірақ, 2016 жылы 43 балқаштыққа құрт диагнозы қойылып, 7 адам осы жұқпалы дерттен көз жұмды.

Қымбат Қасымова –Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің Балқаш қалалық бөлімшесінің жетекшісі
«Қалада туберкулез азайғанымен, құрт ауруы науқастың тыныс жолдарынан өзге асқазан, ішік жолдарында кездесіп жатыр. Сондықтан оны бірден алдын –алу үшін скринингтік тексерістен міндетті түрде өту керек».

Әрбір тұрғын жыл сайын флюорографиялық тексерістен өтіп тұруы керек. Барлық аурулардың ерте диагностикасы- сауығудың кепілі .

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture