Жолдың беткі қабатынан алынып жатқан асфальт жеке меншік мекемелердің қолына өтуде. Жоспар бойынша ойығы мен шұңқыры көп көшелерді жамауға қолданылуға тиіс еді. Алайда, мердігер компания асфальт үгіндісін сатып, пайда табуға кіріскен.
Қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары наурыз айында басталды.Биылғы жоспар бойынша жаз айының соңына дейін шаһардағы 12 көшеге жаңа асфальт төселуі тиіс. Ал жолдың беткі қабатынан алынған асфальт үгіндісін мердігер компания шұңқырға толы көшелерді жамау керектін.
Алайда, ойдағы жоспар іс жүзінде іске аспады. Жолға жауапты компанияның ескі асфальтты саудаға шығарғаны анықталды. Істің ақ-қарасын анықтау үшін сатып алушының атын жамылып мердігерге хабарласып көрдік. Қалтасын ойлаған саудагер бар шындықты жайып салды.
Қазір қала басшылары да бұл жайттан хабардар болып шықты. Шаһар жетекшілері жолдағы құрылысты бақылауда ұстауға тиісті әкімшілік қызметкеріне сөгіс жариялап, жазаға тартты. Сондай-ақ қала әкімінің бұйрығы бойынша енді жөндеу жұмыстары жіті назарда болады.
Айнұр Бектұрова – Балқаш қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
«Тексеріс барысында асфальт үгінділері бекітілген мекен-жайларға жетпегені анықталды. Содан қорытынды шығара отырып жолға жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Және жол құрылысына бақылау күшейтілді».
Ал ТКШ бөлімі жетекшісі бүгіннен бастап қара саудаға бақылау күшейтілді деп сендірді.
Әнуар Сәмиев – ТКШ бөлімі жетекішісі
«Бізде бақылау әлсіздеу болғандықтан Камаз жүргізушілері жолдың үгінділерін бекітілген жерге қалай болсын, солай жеткізіп отырған. Мысылға үш рейстің тек екеуі ғана тиісті жерге жеткізілген.Сол үшін жауапты маман жазаланды. Енді әрбір камаздағы жүкті қатаң қадағалайтын боламыз».
КСМ: Жалпы, алғашқы жоспар бойынша ескі асфальт үгінділері Жұмысшылар кенті мен 64 квартал, Техснаб кенттеріндегі жолдарға төселуі керек. Әзірше жұмысшылар кентіндегі үш көшедегі ойқыш жолдар ғана жамалды. Тізімде әлі бірнешеуі бар. Алайда, арам оймен пайда таппақ болғандардың кесірінен жөндеуді қажет ететін көшелер тізімі қысқыртылды. Сәйкесінше, мердігер компанияныңда еңбекақысыда азайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login