Биылдан бастап 9 — сынып оқушылары техникалық мамандықты тегін меңгереді. Бұл шара нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту деп аталатын жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік ҰБТ -ден өте алмаған 11-сынып түлектеріне ғана қатысты болған еді. Енді 9 — сынып бітіргендер, жағдайы төмен отбасыдан шыққандар, ата-ана қамқорлығынан айырылғандар да мемлекеттік және жеке-меншік техникалық колледждерде ақысыз оқиды. Қазір облыс бойынша осы бағдарламаға қатысатын білім орындарының тізімі бекітілуде. Анықталысымен, балқаштықтар Қарағандыға барып техникалық мамандықты тегін меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Жол ақысы, жатын орын, бір реттік ыстық тамаққа кететін шығынның барлығы мемлекеттен төленеді.
Жанат Томпиева-Жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі
«Оқу 2,5 жылға созылады. Тегін білім алатындар құрылысшы, дәнекерлеуші, автомеханик секілді қазіргі сұраныстағы мамандықтарды меңгереді. Оларға стипендия қарастырылған. Ал, оқуларын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастырамыз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login