Оқушылар сарайындағы «City Dance» ансамблінің тәлімгерлері халықаралық жарыстан жеңіспен оралды. «Танысу Алматы» деп аталатын байқауда өнер көрсеткен 3 жерлесіміз жүлделі орындардың барлығын иеленді. Олар Айгерім Жеңіс, Дарья Писоцкая, Влада Толстылева. Әр қайсы джаз модерн стилінде жеке би билеген. Ал, олардың орындау шеберлігін Италиядан келген атақты өнерпаздар бағалапты. Қыздардың өнеріне тәнті болған әділ қазылар алқасы жүлделі орындардың барлығына тек балқаштықтар лайық деп таныған. Осылайша, замануаи би номинациясы бойынша Әйгерім Жеңіс бірінші орын алса, 10 жастағы Дарья Писоцкая күмістен алқа тақты. Ал, Влада Толстылева қола жүлдені иеленді.
Ольга Солодовникова-«City Dance» би ансамблінің жетекшісі
«Бұл жарысты осымен екінші жыл қатарынан Италия елі ұйымдастырып отыр. Қатысушыларға халықаралық дәрежедегі атақты өнерпаздар баға беретін Қазақстандағы жалғыз байқау. Біздің қыздар онда жақсы өнер көрсетіп, барлық жүлдені жеңіп алды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login