Өндіріс орнында тағыда қайғылы жағдай болды. Мыс балқыту зауытында ер адам қаза тапты. Оқыс оқиға демалыс күндері тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша 54 жастағы азамат анод пешінде өзіне берілген жұмысты атқарып жатқан. Алайда технологиялық процесс кезінде мыс балқытушы пештің қабырғасы мен кранның жүк көтергішінің арасында қысылып қалған. Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 54 жастағы балқаштық жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайдың мән жайын еңбек инспекторы, жұмысберуші және кәсіподақ өкілдері тексеретін болады.
Ақниет Абжатов – Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының бақылау бөлім жетекшісі
«Тексеріс бүгіннен басталды. Түсініктеме алу, әңгіме жүргізу, куәгерлермен сөйлесіп жатырмыз. Тексеріс қорытындысын міндетті түрде жария етеміз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login