Қалалық Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық бөлімі екі айлық сенбілік аясында балқаштықтар үшін байқау жариялайды. «Үздік КСК», «Үздік аула» және «Үздік подъезд» атағы үшін бақ сынаймын деген үй тұрғындары мен коммуналды мекеме қызметкерлері болса мархабат. Ол үшін үш номинацияның бірін таңдап 15 — сәуірге дейін ТКШ бөліміне барып, өтініш жазу керек. Додаға қойылатын талап: үздік аула үшін есік алдын ретке келтіріп, сыпырып , тазалап, айналаны аббаттандыру қажет. Және үздік подъезд атағын иелену үшін көпқабатты үй тұрғындары өз беттерімен подъезд ішін сырлап, әктеулері тиіс. Ал жылдың ең үздік кск атағына қаладағы 8 пәтер иелері коперативтерінің арасында өткізіледі. Қазылар алқасы олардың тұрғындарға қызмет көрсету дәрежесін,қарыздарын, қысқа дайындық жұмыстарын бағалай отырып, баға беретін болады. Байқау қорытындысы 30 мамырда анықталады.
Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Қазылар алқасы үміткерлердің аула, подъездерін аралап жүріп баға беретін болады. Оларға міндетті түрде тұрғындардың өздері қатысулары тиіс. Байқау қорытындысы 30 мамырда анықталады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login