Балқаш жаңалықтары 4 сәуір 2017

Гараждан темір –терсек ұрламақ болған 9сыныптың 4 оқушы ұсталды. Тағы екеуі іздестеріліп жатыр. Оқиға тапа-тал түсте Ардагерлер кварталындағы гараждар массивінде орын алды.

Су Жылу Транс мекемесі биыл жөндеуден өтетін жолдардың бойындағы ескі құбырларды ауыстыруда. Комуналшылар осылайша жаңа асфальт төселгеннен кейін көшелерді қайта қазбас үшін қазірден қамданып жатыр.

Халықаралық көрмеге қолжетімді билет. ЭКСПО -2017 көремесін тамашалаймын деген жеке санаттағы азаматтарға жеңілдік жасалатын болды.

Қалалық ТКШ бөлімі екі айлық сенбілік аясында балқаштықтар үшін байқау жариялайды. «Үздік КСК», «Үздік аула» және «Үздік подъезд» атағы үшін бақ сынаймын деген үй тұрғындары мен коммуналды мекеме қызметкерлері болса мархабат.

Балқашта мерейлі отбасы ұлттық байқауы жарияланды. Оған үлгілі, өнерлі жанұялар қатыса алады. Ал, жеңген жанұя облыста қала намысын қорғайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture