ЭКСПО билеттеріне жеңілдік жасалады

ЭКСПО -2017 көремесін тамашалаймын деген жеке санаттағы азаматтарға жеңілдік жасалатын болды. Енді көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер, студенттер және оқушылар жасыл қалашыққа 50 пайыздық жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ,жетім балаларға, 6 жастағы дейін бүлдіршіндерге- билет тегін. Осындай әлеуметтік топтағы жеңілдік билеттерін көрмеге келген уақытта ғана ЭКСПО кассасынан ала аласыздар.Ол үшін міндетті түрде жеке кәулік пен жеңілдік түрі жасалатын құжаттардың болуы шарт. Алайда, шетелдіктерге ешқандай жеңілдік түрлері қарастарылмаған. Және басқада тұрғындар халықаралық көрмеге билеттерді жергілікті казпошта бөлімшелерінен сатып ала алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture