Балқашта төрт түлік малды жаппай егу басталды

Балқашта төрт түлік малды жаппай егу басталды. Бұл шара сібір жарасы, қарасан, құтырма секілді аурулардың алдын-алу үшін жасалуда. Мамандар бүрсүлез ауруына тексеру үшін жануарлардан қан алып жатыр.
Егер адам баласы жылына 1 рет екпе қабылдаса, жануарлар 2 рет қабылдайды. Бүгін ветеринар дәрігерлер Техснаб кентіндегі төрт-түлікке сібір жарасына қарсы вакцина екті. Бұл екпе тек сиырларға ғана емес жануарлардың барлығына салынады. Сонымен бірге бүрсүлезге дертіне тексеру үшін қанда алынды.

Қуанышбек Мусин- ветеринарлық станция басшысы
«Қан алғанда вакутаймермен бір рет пайдаланылатын құтыға қан алынады. Ол бүрсүлез ауруына тексеріледі. Сонымен бірге ірі-қара мал сібір жарасына, қарасанға егіледі. Туберкулездің бар-жоғы анықталады».

Алынған анализ қаладағы зертханада тексеріледі. Мамандар мұнда тек бүрсүлез дертін ғана зерттейді. Ал, сібір жарасы, қарасан, құтырма секілді ауруларды анықтау үшін қан сараптамасы облысқа жіберіледі. Айтуларынша, осы уақытқа дейін ешқандай дерт анықталмаған. Алайда, былтыр Гүлшат кентінде бір қорадағы 18 қойдан бүрсүлез дерті шыққан.

Бақытгүл Қошантаев-серолог дәрігер
«Бүрсүлез ауруы адамдарға жұғады. Бірінші кезекті адамның денсаулығы ғой. Адамға жұқпау керек. Адамға жұққаннан кейін қауіпті болып саналады. Инфекциялық дерт».

Биыл қалалық бюджеттен жан-жануарға екпе салу үшін 8 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Оған 15 мыңнан астам вакцина сатылып алыныпты. Соның 10 740 ірі қара малды егуге жұмсалса, 3450 ұсақ малға екпе жасауға арналған. Тұмауға қарсы егілетін құстар да бар. Оларға бөлінген вакцина саны — 1650. Мамандар, тек төрт-түлікті ғана емес, ит пен мысықты да құтырмаға қарсы егуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture