Балқаштық кикбоксшы халықаралық жарысқа жолдама алды. Данияр Орал мамыр айында Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында ел намысын қорғайтын болады.
Жерлесіміз жолдаманы Атырау қаласында өткен чемпионатта иеленді. 51 келі салмақта өнер көрсеткен Данияр үш кездесу өткізді. Оның ішінде Атырау мен Астананың спортшысын 3:0 есебімен жеңіп, Шымкенттен 1 соққы жіберіп алды. Бірақта, күмістен алқа тағып халықаралық додаға жолдама алды. Жалпы 11 салмақ дәрежелері бойынша бақтарын сынаған 200 спортшының 15-і Қазақстан құрамасына енді. Олар сәуірдің 9-ы күні Семейде жаттығу өткізіп, мамырдың басында Түрікменстан жерінде Азия чемпионы атағына тырысатын болады.
Данияр Орал –кикбоксшы
« Бұл жарыста Шымкенттік баламен шықтым. Онымен оның алдында да екі рет шаршы алаңда кездескенмін. Осы жолы оқу жаттығуларым аз болып жетпей қалды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login