Облыстық маңызы бар жолдарды су шайып жатыр. Тұрғындар оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерге жариялауда. Мұндай жағдай Бектау Ата, Балқаш-Сарытерек, Ақтоғай-Нұркен, Айыртас-Нарманбет трассасында орын алған. Судың тасуына 28,29,30 наурыз күндері 3 күн бойы толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар себеп болыпты. Салдарынан судың деңгейі жол бойына дейін көтеріліп, облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды басып қалған.
Деседе, Ақтоғай ауданының басшылары қазір елді-мекендерге ешқандай қауіп жоқ деп отыр. Көтерілген су деңгейі қайтадан төмен түскен. Тек Қызыларай ауылында еріген қар мен жаңбыр суы үйлерге дейін жақындапты. Алайда, мамандар дер кезінде қимылдап, су арнасын басқа жаққа бұрып үлгерген. Тасқын су Ақтоғай-Нұркен, Айыртас-Нарманбет тас жолының біраз бөлігін бұзған екен. Қазір оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жасауда.
Қайрат Қошантаев-Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары
«Қазір су тасқынына байланысты қауіпті аймақтардың барлығы бақылауға алынған. Елді-мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Жол жөндеуге байланысты бұзылған жерлерде «Берен»ЖШС жұмыс жасап жатыр. Түгел техникаларды шығарған. Солардың 3 камазы, 2 погрузчиктері жұмыс жасап жатыр».
Ұқсас материалдар:
Сарытерек аулының жолын су басты. Видео
Талые воды отрезали дорогу в село Нуркен Актогайского района. Видео
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login