Қорытынды жаңалықтар 31 наурыз 2017

Балқашта жолдарды жөндеу басталды. Биыл құрылыстық жұмыстарға 800млн астам қаржы бөлініп отыр. Бұл сомаға қала бойынша 10 шақырым жерге жаңа асфальт төселмек.

Үй кезегінде тұрғандар үшін жақсы жаңалық. 10 — мөлтек ауданында орналасқан 60 пәтерлі үйдің құрылысы қайта жанданып, биыл аяқталатын болды.

Балқаштағы ең үлкен жүзу бассейннің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі күні 1946 жылы тұрғызылған нысанның ескі кірпіш, құбырлары жаңасына толық ауыстырылып жатыр.

Көптен күткен жаңару қалалық психоневрологиялық диспансерде іске асуда. Соңғы рет 40- жылдары әктеліп-сырланған емхананың құрылысына биыл алғаш рет 145 млн теңге бөлінді.

Уақытша тіркеуге тұруға берілген мерзім 31 наурызда аяқталды. Бұған дейін бұл уақыт қаңтардан наурыздың соңына дейін шегерілген болатын.

Енді дайын құжаттарды үйге, жұмыс орнына, тіпті басқа қалаға тапсырыспен алғызуға болады.Азаматтарға арналған үкімет порталында осындай қызмет түрі іске қосылды.

Балқаштық жұмыссыздар міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеуден босатылады. Алайда, ол үшін жұмыссыз деген статус алу қажет.

Балқаштағы мектептерге дабыл түймешігі орнатылды. Арнайы тетік қазір барлық оқу ордаларында қойылып жатыр. Онымен бірге бейнебақылау камералар да балалар үшін қызмет етпек.

Балқаштағы мектептерге дабыл түймешігі орнатылды. Арнайы тетік қазір барлық оқу ордаларында қойылып жатыр. Онымен бірге бейнебақылау камералар да балалар үшін қызмет етпек.

Үш күнде ішімдік ішкен екі жүргізуші ұсталса, жыл басынан бері 47 көлік иесі полицейлердің қармағына ілікті. Бұл санақты өткен жылмен салыстырғанда тек екі фактіге ғана азайып отыр.

Балқаштық спортшылар Номад ММА стилінен, яғни аралас жекпе-жектен республикалық чемпионатқа жолдама алды. Қарағанды қаласында өткен іріктеу турнирінде 7 палуан жүлделі орындарға ие болды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture