Балқаштық құтқарушылар көл үстіне шығудың қауіпті екенін ескертеді

Балқаштық құтқарушылар көл үстіне шығудың қауіпті екенін ескертеді. Себебі мұз әлі толық қатып үлгерген жоқ. Оның қалыңдығы жағалаудан бастап 100 метр жерге дейін  7 сантиметр. Ал 500 метрден аса көл суы әлі қатпаған. Адам салмағын көтеру үшін мұздың қалыңдығы 8-10 см болуы тиіс. Қауіпті аймақтар –Техснаб және Балқаш ЖЭС. Ол жерлерде жылы ағыс болғандықтан су әлі қатып үлгермеген. Статистикаға жүгінетін болсақ, өткен жылы Балқаш көлінде 14 адам құтқарылған. Олардың барлығы мұздың толық қатуын күтпей балық аулауға шыққан тұрғындар.

Дархан Қуанбаев – құтқару бөлімшесінің басшысы:

«Ашық жерлер бар, жарықтар бар мұздың үстінде. Сондықтанда мұздың үстіне әлі де шығуға болмайды. . Әуесқой балықшыларға және балаларға мұздың ішіне шығуға тыйым салынады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login