Жұмысшы кентінде жер үй өртенді

Бөкейханов көшесіндегі үш бөлмелі баспана күндіз  отқа оранды. Құтқарушыларды көршілер шақыртқан. Түтінді көрген кәугерлер бірден өрт сөндірушілерге хабар берген.  Қызыл жалын тұтанғанда іште әйел мен бала болған. Олар дер кезінде үйден шығып үлгеріпті. Зардап шеккендер жоқ.

Дулат Төкен – куәгер:

«Өрт сөндірушілерді шақырдық. Есік алдында машина тұрған, оны шығардық. Қақпаны ашып қойдық. Қатты жанып жатты, ешкім болмағаны жақсы болды үйде.»

Шақыртуға екі өрт көлігі келген. Отты ауыздықтауға бір сағатқа жуық уақыт жұмсалды. Жалынның жалпы аумағы 60 шаршы метр. Үйдегі жиһаз, техника, киім-кешек бәрі толығымен жанып кетті. Алдын-ала болжам бойынша өрт пештен шыққан.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login