Балқаштық күйші мен қобызшылар Республикалық «Балдәурен» ән-би байқауынан І орынмен оралды. Алматыда өткен жарысқа қаламыздағы «Өнер мектебінің» 10 оқушысы қатысып, барлығы да жүлдеге қол жеткізді. «Өнер мектебінің» тәлімгерлерінен құралған «Жігер» ансамблі әр түрлі аспапта С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» мен халық күйі «Қара жорғаны» орындап 10 ансамбльдің арасында І орынды жеңіп алды. Сонымен бірге, балалар жеке дара да күй шертті. Онда 50-ге тарта баланың ішінен балқаштық Әбенова Сымбат, Қалымбетов Әбдіғали, Молдабеков Бексұлтан атты оқушылар І орын, Мәжит Әділет ІІІ орынды иеленді. Ал 9 жастағы Талғат Әдемі есімді ару Абайдың » Айттым сәлем қаламқас» әнін қобызға салып, жеңімпаз атанды. Айта кетейік, осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отырған байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 9 бен 14 жас арасындағы өнерпаздар сынға түсті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login