События 14 ноября

14 ноября в мире отмечают:

Международный день логопеда

Всемирный день борьбы с диабетом

День социолога в России

События:

1770 — Шотландский исследователь Джеймс Брюс обнаруживает источник Голубого Нила на северо-западе Эфиопии, основу потока Нила.

1889 — Журналистка Нелли Блай отправилась в кругосветное путешествие, соревнуясь с героем Жюля Верна

1901 — Венский врач Карл Ландштейнер разделил все образцы крови на три группы: А, В и 0.

1936 — В СССР организуется Гидрометеорологическая служба.

1939 — На улицах Москвы проходит большой автопробег, посвящённый выпуску миллионного советского автомобиля.

1952 — В английской газете «Нью мюзикл экспресс» публикуется первый список наиболее продаваемых синглов (пластинки с записью шлягеров).

 

Бүгін – Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні. Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен бекітілген болатын. Күннің мақсаты – дүниежүзін диабетке қарсы күресуге шақыру, сырқаттың алдын алып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ресейде социолог күні. 1901 жылдың 14 қарашасында Парижде Орыс жоғарғы қоғамдық білімдер мектебі ашылады, ол әлемдік ғылым тарихындағы тұңғыш әлеуметтік факультет тәжірибесі деп есептеледі. Ресейде 1994 жылдан бекітілген осы күннен бастап Санкт-Петербор университеті социология факультетінде жыл сайын атап өтіледі. Ресейдегі тұңғыш академиялық социология да нақ осы жерде дүниеге келген.

Үндістандағы Бал дивас (Балаларды қорғау күні). Атақты мемлекет қайраткері, тәуелсіз Үнді елінің тұңғыш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің (1889 жылдың 14 қарашасында туған) туған күні бүкіл ел болып, «Балаларды қорғау күні» ретінде аталып өтеді.

 

14 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1999 жылы «Хабар» телеарнасында жаңалықтар алғаш рет ағылшын тілінде беріле бастады;

2006 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада АҚШ елшілігінің ресми ашылу салтанатына қатысты;

2007 жылы Қостанайда әр уақытта жергілікті соғыстарда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Монумент облыс орталығындағы Жеңіс даңғылында орнатылды;

2012 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ пен Кедендік одақты құруға қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды;

14 қарашада Қазақстанда кімдер туды

1894 жылы домбырашы, Қазақстанның халық әртісі Лұқпан Мұхитов дүниеге келді;

1929 жылы этнограф, тарих ғылымының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Мұқанов өмірге келді;

1943 жылы ақын, прозаик, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мәлік Мұқанов туды;

1947 жылы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, экс-сенатор Қуаныш Айтаханов дүниеге келді;

1950 жылы жазушы Тұрысбек Сәукетай өмірге келді;

1975 жылы қазақстандық ғалым, Халықаралық инженер академиясының академигі, Қазақстан ұлттық инженер академиясының академигі Руслан Жұмағұлов туды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login