Балқаш жаңалықтары 30 наурыз 2017

Балқаштағы мектептерге дабыл түймешігі орнатылды. Арнайы тетік қазір барлық оқу орындарында пайда болған. Cонымен бірге бейнебақылау камералар да орнатылуда.

Артықбаев Ержан Қуатұлына іздеу салынады. Осыдан үш жыл бұрын ізтүссіз кеткен азаматты балалары іздейді.

Енді дайын құжаттарды үйге, жұмыс орнына тіпті басқа қалаға тапсырыспен алғызуға болады.Азаматтарға арналған үкімет порталында осындай қызмет түрі іске қосылды.

Алдағы күндері Республикамыздың барлық аймағында күн суытып, кей өңірлерде тіпті қар жаууы мүмкін. Ал, Қарағанды облысында қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының тұрғындары тарихи- өлкетану мұражайына жиі келетін болды. 2016 жылы 500 –ден аса азаматтар түрлі көрмелерді тамашалаған. Осындай ақпаратпен статистика департаменті бөлісті. Бұл санақтың ішінде балқаштықтар да бар.

Балқашта футбол жылдан-жылға дамып келеді. Оған дәлел республикалық жарыста «Металлург» құрама командасының үшінші орын алғандығы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture