Балқашта мәдениет сарайының артында жануарлар мен құстар пайда болды

Саябаққа бір үйір жылқы, бүркіт және арқар әкелінді.  Тұяқты жануарлардың мүсіні кеше орнатылған.  1 айғыр, 6 бие, 4 құлын аббаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан саябаққа ерекше сән берді.  Монтаж  әлі аяқталмаған. Алда газон төсеу, мүсіндерді бекіту секілді жұмыстар бар. Оған қоса арқар мен бүркіттің мүсіні қойылды.  Бұл туындылар бетоннан құйылған. Оны арнайы тапсырыспен Алматының мамандары жасаған.

Мамет Насыров-прораб:

«Қазір саябақта жүргізіліп жатқан жөндеу  жұмыстары аяқталуға жақын. Енді саябақтың екі шетіне балалар ойнайтын жаңа 2 алаң орнатамыз. Үлкендерге және кішкентайларға арналып жасалады».

Өзгерген саябақ, жаңадан пайда болған мүсіндер ел көңілінен шығуда. Әсіресе балалар мәз.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать