Балқашта түлкі мен қоян аулау маусымы басталды. Ол 16 ақпанға дейін созылады. Осы уақыт аралығында балқаштық аңшыларға 34 түлкі және 2 мыңнан аса қоян атып алуға рұқсат. Алайда, аңшылыққа барарда жолдама алуды ұмытпау керек. Мысалы, бір түлкі мен 6 қоян аулау үшін 2000 теңге төлейсіз. Ал егер өзіңізде рұқсат құжаты болмаса онда айыппұл төлеуге тура келеді. Оның көлемі қомақты. 12 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ қазір су құстарын аулау жалғасуда. Ол 20 қарашаға дейін созылады.
Нина Кубрикова–«Ақ Сұңқар» аңшылар мен балықшылар басқармасының төрайымы:
«Түлкі мен қоян аулауға рұқсат. Бірақ жолдама алуды ұмытпаңыздар. Онда қанша аң атуға болатындығы жазылады. Егер лимит таусылып қалса, онда жаңасын келіп алуға болады.
Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login