Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды

Енді дайын құжаттарды үйге, жұмыс орнына тіпті басқа қалаға тапсырыспен алғызуға болады. Азаматтарға арналған үкімет порталында осындай қызмет түрі іске қосылды. Ал оны пайдалану үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Онда мамандар керекті құжаттарды тексеріп, өтінішті қабылдайды. Кейін барлығы дайын болғанда қазпоштаның кезекті мамандары көрсетілген мекен-жайға жеткізеді.Бірақ, мұндай қызмет түрі ақылы. Кем дегенде 500 теңге.

Гүлназ Недербаева- «Қазпошта »АҚ кадрлар бөлімінің операторы
«Біздің жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығында отырған маманға аталған қызметті тапсыруға болады.Бүгінгі күнге біз 2-3 тапсырысты жүзеге асырдық».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture