Ағадыр кентінде көшелерді су шайып кетті. Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінің көшелерін су басып жатқан видео пайда болды. Бұл мәліметті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар қызметі растап отыр. Айтуларынша күннің күрт жылынуынан қар тез еріп, оның үстіне толассыз жауған жаңбырдың салдарынан аймақты су алып кеткен. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз деп сендірді. Зардап шеккендер мен эвакуацияланғандар жоқ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login