Алдағы күндері Республикамыздың барлық аймағында күн суытып, кей өңірлерде тіпті қар жаууы мүмкін. Ал, Қарағанды облысында қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді. Алайда, бұл құбылыстың Балқашқа қатысы жоқ. Синоптиктердің болжамы бойынша бізде 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында аздаған жауын-шашын болады. Ал, ауа температурасы күндіз 13-15 градус жылы болса, түнде сынап бағанасы 6-8 градусқа төмендейді. Қатты дауыл болмағанымен, секундына 9-14 метр болатын жел тұрады деп күтілуде. 1 сәуір күні оның жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Анастасия Грязнова-иженер-синоптик
«Ауа-райындағы өзгеріс Қарағанды облысының солтүстік аймағы мен орталығына қатысты. Ал, Балқаш оңтүстік аймақта орналасқандықтан онда қатты жел болмайды. Тек аздаған жауын-шашын жауады деп күтілуде»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login