Балқашта ерлі-зайыпты кісі қолынан қаза тапты

Балқашта ерлі-зайыпты кісі қолынан қаза тапты. Күдікті тапа-тал түсте күйеуі мен жұбайын пышақтап өлтірген. Жантүршігерлік қанды қылмыс кеше Балқаш -1 бекетінде болды. Сағат 12:00 кезінде жер үйдің алаңында 34 жастағы әйел мен 45 жастағы еркектің өлі денелері табылды. Олардың мойындары пышақпен тілінгені анықталды. Ал қандықол әлі құрықталмады. Қазіргі күні оны полиция қызметкерлері іздеп жатыр. Айта кетейік, күдіктінің қолынан қайтыс болған марқұмдардың артында 4 балалары қалды.

Жанатай Сембеков, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
«Аталған факті полицияда тіркеліп,тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать