Балқаш жаңалықтары 18.10.2018

1. Балқашта 4 бөлмелі пәтер өртенді. Қызыл жалын кезінде 25 адам эвакуцияланды.
Тілсіз жау Мұхамеджанов мөлтек ауданында болды.
2. Қараменде би көшесінде тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Онда 1 бөлмелі пәтер жанды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
3. 2 жастағы баланың денесі табылды деген ақпарат жалған! Әлеуметтік желіде Техснаб кентінде жоғалған Бекнұр Дәріғұл туралы негізсіз мәліметтер таралуда. Тіпті белгісіз біреулер бүлдіршіннің пакетке салынған денесі табылғанын жазып, хабарламаны елге таратқан.
4. Балқашта алғаш рет виртуалды сот өтті. Заң бұзушы видео қоңырау арқылы байланысқа шықты. Яғни сот процесі онлайн түрде жүргізілді.
5. Енді балқаштықтар тұмауға қарсы вакцинаны ақылы түрде қабылдай алады. Қалаға аталмыш вирусқа қарсы екпенің екінші партиясы жеткізілді. Оны еккіземін дегендер кез-келген емханаға барса болады.
6. Ертең құтқарушылар күні. Осыдан 23 жыл бұрын 1995 жылы 19-қазанда төтенше жағдайлар қызметі құрылған болатын. Осыған орай қалалық Нұр Отан партия ғимаратында салтанатты шара ұйымдастырылып, сала үздіктері марапатталды.
7. Балқаштық балалар құтқарушылардың жұмысымен танысты. Ол үшін оқушыларға орталық көшеде арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда балғындар мамандардың техникаларымен қатар құралдарымен де жұмыс істеп көрді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать