Балқаштық ұстаздар жеңісті қолдан жіберіп алды. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері арасында өткен облыстық жарыста Балқаш командасы үздік үштікке кіре алмады. Олар қарсыластарынан бар болғаны 1 ғана ұпайға қалыс қалған.
АӘД пәнінің мұғалімі Асқар Бейсембаев калашников автоматын шашып-жинауды әскерде жүргенде үйренген. Ал, сайыста осы білгенін есіне түсіруге тура келді. Ол автоматты 18 секундтта жинап, 8 секундтта қайта шашып, байқауда ең үздік нәтиже көрсеткен. Алайда, көп қателік жіберіпті. Сол үшін тағы да уақыт қосылған.
Асқар Бейсембаев –№15 мектеп-лицейінің АӘД пәні мұғалімі
«Аздаған қателіктердің кесірінен, 30 секунд қосып бергендіктен орынға ілікпедік. Бұл автомат бізде тапшы. Әр мектепте өзінде жоқ. Сол себепті кідірдік деп ойлаймын».
Ал, Самат Билалов пневматикалық қарудан оқ ату сайысында басқаларды шаң қаптырды. Ол ондықты төрт рет дәл көздеген. Тек соңғы оғы тоғыздыққа тиіпті. Осылайша 50 ұпайға тек 1 балл жепей қалады. Деседе, бұл көрсеткіш облыстағы ең үздік нәтиже ретінде тіркелді.
Самат Билалов — №1 мектептің АӘД пәні мұғалімі
«Пневамтикалық қарудан оқ атуды әскерде үйренгенмін. Бірінші орын алуыма көп көмегі тиді»
АӘД мұғалімдері барлық тапсырмаларды кезекпен орындаған. Ал, теориялық сынақта, сұрақтарға кідірместен жауап беріп екінші орыннан көрінді. Алайда, барлық сайыстың түрінен жинаған ұпайлары жеңіске жетуге жетпеді. Теміртау бар олғаны 1 ұпайға озып, қола жүлдені олжалады. Ал, балқаштықтар болса, 14 команданың арасында төртінші орынды місе тұтты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login