Енді балқаштықтар тұмауға қарсы вакцинаны ақылы түрде қабылдай алады. Қалаға аталмыш вирусқа қарсы екпенің екінші партиясы жеткізілді. Оны еккіземін дегендер кез-келген емханаға барса болады. Екпені қабылдау уақыты таңғы сағат 8-ден кешкі 5-ке дейін. Ал қызмет құны — 2640 теңге. Жалпы, Балқашта тұмауға қарсы вакцинация қыркүйек айында басталған болатын. Онда балалар мен жүкті әйелдер, қарт кісілер, созылмалы ауруға шалдыққан адамдар тегін екпені қабылдаған еді. Енді бұл тізімге кірмегендер вакцинаны ақылы түрде еккізе алады.
Виталий Омаров –Кеңестік-диагностикалық орталық психологы:«Тұмауға қарсы екпені кез-келген адам еккізе алады. Емхана түрін өзі таңдай алады. Бізге тізімде бар-жоғына қарамастан вакцинаны салып береміз. Бірақ, бастысы адам ауырмай келуі керек».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login