Қаладағы 6 балабақшаға 77 млн. теңге бөлінді.Мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген мұндай қаражатқа тәрбие ошақтарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Мәселен, биыл шаһардағы «Балауса»балабақшасының шатыры күрделі жөндеуден өтті. 600 шаршы метрлі шатыр араға 8 жыл салып жаңасына ауыстырылды. Қазір нысанның сырты толық сырланып-әктелуде. Ол үшін 4 млн. 400 мың теңге жұмсалды.
Сәуле Кәріпбекова- «Балауса» балабақшасының меңгерушісі:«Балабақшаның шатыры ескірді. Ол осыдан 8 жыл бұрын жасалған болатын.Оны биыл ауыстырдық.Сондай-ақ аптаның соңына дейін ғимараттың сыртын әктеу, сырлау жұмыстарын аяқтаймыз».
Жалпы,биыл Балқашқа «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында облыстық бюджеттен 77 млн. 120 мың теңге бөлінді. Араға үш жыл салып берілген мұндай қаражатқа өңірдегі 6 балабақша жөндеуден өтуде. Оның ішінде, 4 балабақшаның терезелері ауыстырылып, жылу жүйесі жөнделуде. Кейбіреуінің шатыры мен едендері жаңадан төселіп, сырты әктеліп жатыр.
Ольга Бубнова — қалалық білім бөлімінің бас есепшісі:«Жұмыспен қамту жол картасы аясында мұндай қаражат үш жылдан кейін бөлініп отыр. Қазіргі күні балабақшалардағы құрылыс жұмыстары 50-90 пайызға аяқталды. Әрқайсысында әртүрлі. Ал одан 9 млн. теңгеден аса ақша артылды. Оны 24 мектепке жұмсайтын боламыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login