Балқаш жаңалықтары 08.10.2018

1) Елімізде ең төменгі жалақы бір жарым есеге өсетін болды. Енді ай сайын 28 мың теңге алып оны қайда жеткізерлерін білмей жүргендер жаңа жылдан бастап 42 мың теңге еңбекақы алады.

2) Ленин көшесінде Audi мен Volkswagen соқтығысты. Нәтижесінде жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді.

3)Сондай-ақ Балқаш маңында болған жол апаты бір адамның өмірін жалмады. Демалыс күндері көлік оқиғасынан әйел адам қайтыс болып, екі жолаушы зардап шекті. Қайғылы жағдай таңғы сағат он жарымда, Алматы-Екатеринбург тас жолының 762-ші шақырымында болды.

4) Балқашта із-түссіз жоғалып кеткен бүлдіршін әлі іздестірілуде. 2 жасар Бекнұр Дәріғұл туралы қазіргі күнге дейін ешқандай ақпарат жоқ. Бүгін оның хабар-ошарсыз кеткеніне 7 күн болды. Ал іздеу жұмыстары сәл баяулады.

5)  Балқашта еуропалық «Интер Дизайн» фабрикасының жиһаз дүкені ашылды. Онда сапа мен талғамның сәйкестігі үйлескен итальяндық және неміс дизайнерлерінің туындылары саудаға түсетін болады.

6) Қазақстан құрамасы Паразиада ойындарының алғашқы күнінде екі медаль олжалады. Индонезияның Джакарта қаласында ел намысын спорттың 9 түрінен 93 спортшы қорғауда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать