Балқашта «Ұлы Жібек жолы-тарих және қазіргі заман» атты конференция ұйымдастырылды

Балқашта «Ұлы Жібек жолы-тарих және қазіргі заман» атты 12-ші ғылыми конференция ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар, жастар қозғалысының мүшелері мен шет елден ат басын бұрған ғалымдар және түрлі ұлт өкілдері қатысты. Спикерлер Ұлы Жібек жолы дәстүрлерін жалғастыруды сөз етіп, тарихқа көз жүгіртті. Дерекке үңілсек, Ұлы Жібек жолы әлемнің 65 елінің шекарасын басып өтеді. Оның басым бөлігі Қазақстан жерінде бойлай созылып жатыр. Бұл ретте, тоғыз жолдың торабында орналасқан Балқашта үлкен маңызға ие. Сондықтан басқосуда орталық өңірдің тарихы мен келешегі жоспарланды.

Бекзат Алтынбеков- «Жібек жолы бойындағы сұхбаттар» жобасына қатысушы:«Кіші Жібек жолы Арқа жеріне келіп өте жақсы дамыған. Міне бүгінгі Ұлы Жібек Жолындағы сұхбат Балқаш қаласына келіп өтуі Балқаш арқа төсінде.Сонымен қатар, Орталық Қазақстанда көлденең кесіліп жатқан көл деп те айтамыз.Соған саяхатшылардың қызығушылығы болған. Осыған дейін бұл Орта Азияның Қырғызстанда, Өзбекстанда жалғасып, Қазақстанда Алматыдан басталды. Алдағы уақытта Қазақстанның елді мекендерінде жалғасады деген жоспар бар».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать