Енді балқаштықтар нашар жолдар туралы арыздарын қалалық әкімшіліктің сайтына кіріп, қалдыра алады. Және кейін мамандар тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, жоспар құрады. Осылайша әрбір балқаштық ғаламтор желісі арқылы жасалған жолдардың сапасына баға беру мүмкіндігіне ие болады. Ал жалпы биылғы жоспар бойынша шаһарда 12 көше орташа жөндеуден өтпек. Оның ішінде ағымдағы құрылыс жұмыстары қала мен Қоңырат мөлтек ауданын қосқанда 7 көшеде жүргізіледі. Мұның барлығына жергілікті және облыстық қазынадан 800 млн теңге қаржы бөлінді. Айта кету керек, ескі асфальттар күл-қоқыста қалмас үшін оларды Техснаб, 64 квартал мен жұмысшылар кентінің жолдарына төсейді.
один комментарий
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login