Балқаш жаңалықтары 17 қыркүйек 2018

Алматы-Екатеринбург тас жолында тағы жол апаты болды. Салдарынан 4 балқаштық тұрғын зардап шекті. Бүгін таңғы сағат жетілер шамасында шаһардан 70 км қашықтықта «Toyota» апатқа ұшырады.

Өз сүйіктісін сабаған, балқаштықтың бас бостандығына 4 жылға шектеу қойылды. Оның мұндай қадамға баруына қызғаныш себеп болған. Сүйіктісі 7 күн үйге қонбай, кейін қайтып оралғанда ашуға берілген.

44 жастағы Балқаш тұрғыны іздестірілуде. Марғұлан Қапасов осыдан 1 ай бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қазір оның туыстары мен ІІБ қызметкерлері іздеп жатыр. Алайда, жоғалған азаматтан әзірге ешқандай хабар жоқ.

Сиырлар қаланың орталық көшелерін жайылымға айналдырды. Бұл жолы жануарлар №4 мектептің жанында жүрген.

2018 жылдың 6 айында ит және мысық қыдырту тәртібін бұзған 97 адамға айыппұл салынды. Ережеге бағынбаған балқаштықтар 72 мың теңге төлеген.

Екпе жасау-аурудың алдын алу. Қалада тымауға қарсы вакцинаны қабылдау шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр. Әзірше өңірге әкелінген 8610 дозаны балалар мен жүкті әйелдер,егде жастағы кісілер, дәрігерлер қабылдауда.

Балқашта жылу маусымына дайындық аяқталуға жақын. Мәселен, «Балқаш Универсал» мекемесіне қарасты көпқабатты 347 үй жылу қабылдауға толықтай дайын.

Балқаштық зіл теміршілер Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды.10 жерлесіміз жүлделі орынға ие болып,екеуі спорт шебері атағына қол жеткізді. Алматы қаласында өткен дүбірлі додаға елімізден 250 спортшы қатысты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать