Балқаш бизнесті жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысында соңғы орында

Балқаш бизнесті жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысында соңғы орында. Бұл туралы бүгін әкімдікте кәсіпкерлермен өткен кездесуде айтылды. Жиынға кәсіпкерлікке қолдау білдіретін ұйымдар қатысып, бизнеске аз пайызбен несие беретін бағдарламалар жайында баяндады. Алайда, балқаштық кәсіпкерлер сол несиеге қол жеткізе алмай жүр екен. Бір емес бірнеше есікті қағып, барлық керекті құжаттарды жинап банкке келгенде іс тоқтап қалатын көрінеді. Себебі мемлекеттік бағдарлама  бойынша аз пайызбен несие алғысы келетін адамдар  өте көп, соған байланысты екінші деңгейлі қаржы орталықтарының талабы  жоғары. Мәселен, балқашта жыл басынан бері тек 2 кәсіпкер ғана несиеге қол жеткізген.  Деседе, банк өкілдері әрбір жобаны қарастыруға әзір. Жиында бұдан өзге аз пайызбен несие алуға болатын бағдарламалар сөз болды. Мысалы Еуразия қайта құру және даму банкі бизнес жүргізіп отырған кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант ұсынады. Бұл жерде кәсіпті дамыту үшін берілетін қаржы мемлекеттен бөлінеді.

Алмас Әсемханұлы-Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының заңгері

« Бүгінгі таңда көптеген кәсіпкерлер мемлекет ұсынып отырған несиелерді көбісі ала алмайды. Құжаттарының дұрыс болмауы, жер телімдерін рәсімдеу кезінде көптеген қиындықтарға жолығады. Біз сол кәсіпкерлерге көмек көрсетеміз. Жер телімдерін рәсімдеп беру, құжаттарына заңнамалық сараптама жасау.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать