Балқашта 58 млн.теңгеге жолдар ағымдағы жөндеуден өтеді

Биыл қаладағы 13 көшенің жолы ағымдағы жөндеуден өтпек. Ол үшін қазынадан 58млн теңге қаржы бөлінді. Енді бұл ақшаға мердігер компания айдың соңына дейін 20 мың шаршы метрлі жолды жаңалап,кедір-бұдырларын тегістейтін болады.
Бүгінгі күні жолды жөндеу жұмысы Желтоқсан көшесінде қарқынды іске асып жатыр.Онда құрылысшылар шұрық-тесік жолдарды қырып, асфальт үгінділерінен тазалау үстінде.Содан кейін құрылысшылар шұңқырларға қара түсті смола тәріздес «битум» сұйықтығын құйып шығады. Өйткені, соның арқасында асфальт көпке дейін сақталып, тегіс төселеді.
Ал, жол ортасындағы қиындыларға ірі емес, тек ұсақ түйіршікті асфальт үгінділері салынады.Бірақ,стандартқа сәйкес оның биіктігі 4 сантиметрден кем болмауы керек.
Жалпы, биыл қаладағы 13 көшенің жолы орташа жөндеуден өтіп, 20 мың шаршы метрлі жол жамалады. Ол үшін қазынадан 58 миллион теңге қаржы бөлінді.

Нұрболат Бөлеген-ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы:«Қазіргі таңда 9 мың шаршы метрді Жезқазған көшесінде асфальт жабындыларын салған болатын.Қазіргі таңда орталық көшелерде Жезқазған, Бәйсеитова ағымдағы жолды жөндеу жүргізіліп жатыр.Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін ағымдағы жөндеу жұмыстарды анықтайтын боламыз деп жоспарлап отырмыз».

Стендап: Желтоқсан көшесіндегі жолдар ағымдағы жөндеуден өткенімен, мұнда қайта құрылыс жұмыстары жүргізілетін болды. Өйткені, мердігер компания стандартқа сәйкес жұмыс істемей, асфальтті 4 сантиметрге жеткізбей салған. Ал оны арнайы комиссия тексеріс барысында анықтап, олқылықты алдын алуға бұйырды. Сондай-ақ дәл осындай жұмыстар Ленин учаскесіндегі Сәрсенбаев пен Әлімжанов көшелерінің қиылысында да жүргізіледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать