Желтоқсан көшесінде 83 жастағы балқаш тұрғынын қағып кетті

Желтоқсан көшесінде 83 жастағы балқаш тұрғынын қағып кетті. Ер адам Танк монументінің маңымен жолдан өтпек болғанда, көлік  астына түсті. Оқыс оқиға кешкі сағат 7 лер шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша 83 жастағы балқаштық тиісті емес жермен жолдың келесі бөлігіне өткен. Сол тұста қартты көлік қағады.  Жүргізуші бірден жедел-жәрдм шақырып, зардап шегуші ауруханаға жеткізіледі. Қазір жағдайы ауыр, тұрақты. Ал автомобиль иесі сол күні ұсталып, оған қатысты хаттама толтырылды. Жол ережесін бұзған жаяу жүргінші де жауапқа тартылуы мүмкін. Қазір істің мән-жайы анықталуда.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімшесінің меңгерушісі

«83 жастағы қарттың иығы мен жамбасы сынған. Ертең оған операция жасалады. Жағдайы ауыр, тұрақты».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать