Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынов. Биыл қоғам қайраткерінің туғанына 146 жыл. Соған орай мәдениет сарайының Ақ отау залында жиын өтті.Оған қаламыздың түрлі сала өкілдері мен өскелең ұрпақ жиналды. Әрқайсысы Ахмет Байтұрсыновты тілге тиек етіп,ана тілге деген құрметтерін көрсетті.Алдымен балабақшадағы білдіршіндер,кейін оқушылар мен сала мамандары қазақ тілінде өлең шумақтарын жатқа айтты.Мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, еркін меңгергендіктерін ел алдында дәлелдеді.Және сол үшін де сый-сияпаттарға ие болды.
Робия Абидова-№5 мектептің оқушысы:«Менің анам қазақ, әкем өзбек.Мен әкем өзбек болғанына қарамастан мен қазақша еркін сөйлей аламын.Өйткені, менің Отаным Қазақстан.Қазақстанда туып, өскенмін.Маған қазақ тілінде сөйлеу өте қиынға соққан жоқ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login