Жаңа оқу жылынан бастап Балқаштағы 12 мектеп үш тілде білім бере бастады

Жаңа оқу жылынан бастап Балқаштағы 12 мектеп үш тілде білім бере бастады. Пилоттық жүйеге енгізілген жаңа әдіс аясында енді жаратылыстану-математика пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады.Ол үшін мұғалімдер шет тілі курсынан өтіп, білімдерін жетілдірді.
Ағылшын тілін өз беттерімен жетік меңгерген оқу ордаларының бірі -№17 мектеп-лицейі.Онда былтырғы жылдың қараша айынан бері химия пәніне ағылшын тілі ензілді.Ол үшін 25 жылдық еңбек өтілімі бар Елена Султанова арнайы курстан өтіп, білімін жетілдірді. Әрине, бастапқыда оқушыларға тек терминдер ағылшын тілінде үйретілсе, биыл 45 минуттық сабақ шет тілінде айтылмақ.

Мақпал Насирова- №17мектеп-лицейінің оқушысы:«Маған химия пәні өте қатты ұнайды.Ол бізде ағылшын тілінде өткізіледі.Ағылшын тілі маған ұнайды. Ағылшын тілі бәрімізге керек.Менімше ол қызық тіл.Сабақтан кейін қосымша сабақтарға барып тұрамыз».

Елена Султанова-№17мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі:«Мен мектепте неміс тілін оқығанмын. Бірақ курсқа барып ағылшын тілін үйренгенде қиындық болмады. Тез меңгеріп кеттім. Былтыр қарашадан бері химия пәніне ағылышын тілін қосып, оқушыларға үйрете бастадым.Енді биыл сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі».

№17 мектептен өзге ағылшын тілін №15 мектеп-лицейі мен №7 мектеп гимназиясы жетік меңгерді. Сондықтан онда химия, физика,биология пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады. Ал басқа 9 мектептегі жаратылыстану-математика пәндеріне шет тілі биыл енгізілді.Және оны тек 7-8 сынып оқушылары тәжірибеден өткізеді.

Әсия Бектұрғанова- білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі
«Әрине ол пәндерді ата-ананың рұқсатымен,баланың өзінің қалауымен және мектептің өзіндік дайынгдығымен енгіземіз.Мұғалімдер оған дайын.Арнайы курстардан өтіп, қолдарында арнайы сертификаттары бар».

Жалпы,үш тілділікті меңгеру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында іске асып жатыр.Себебі, Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы барлық мектеп информатика, физика, химия, биологияны ағылшын тілінде өтуі керек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать