Балқаш бойынша канализациялық желілерді жаңалау жүргізілуде

Көл жағалауы қазылады. Қазір қала бойынша канализациялық желілерді жаңалау жүргізілуде. Соңғы аймақ Желтоқсан көшесі. Ондағы кәріз құбырларын ауыстыру үшін құрылысшылар тереңдігі 8 метр болатын траншея қазады. «Мәңгілік алаудан» бастап, «Алғашқы құрылысшылар» стелласына дейін. Жұмыстар қыркүйек айының ортасында, қала күнінен кейін басталмақ. Бұған дейін жергілікті билік шомылу маусымының аяқталуын күткен. Айта өтейік, шаһар бойынша канализациялық желілерді жаңалау өткен жылдан бастап жүргізілуде. Қазіргі таңда Спицын көшесінің бойындағы құбырлар толығымен жаңасына ауысты. Құрылыс жұмыстарына 1 млрд теңге бөлінген.

Нұрболат Бөлеген – ТКШ бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:«Қазіргі таңда 60 пайыз жұмыс аяқталды. Енді тек қана көл жағалауындағы аралықты ауыстыру жұмыстары қалған. Соған байланысты халыққа ескерткіміз келеді. 15 қыркүйектен бастап жұмыстар басталады. Балаларыңызды көл жағалауына жібермеулеріңізді сұраймыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать