Балқашта 32 жастағы әйел жігітінің қолынан қаза тапты

Өліммен аяқталған кездесу!Балқашта 32 жастағы әйел жігітінің қолынан қаза тапты. Оны 28 жастағы азамат ұрып өлтірді. Оқиға Русаков мөлтек ауданында болды.Кешкітұғырымда екі ғашық пәтерде ащы судан ішіп, отырыс жасайды.Содан арада уақыт өткен соң екеуі сөзге келіспей,төбелеседі.Және соның салдарында 28 жастағы еркек сүйіктісін өлгенше етіп сабап тастаған.Ауыр соққыдан келіншектің бетінде сау-тамтығы қалмай, пәтерде қайтыс болды. Ал күдікті көп ұзамай құрықталды. Бүгінде бар жасаған ісін мойындаған қандықолға қатысты қылмыстық іс қозғалды.Айта кету керек, күдікті бұған дейін «кісі өлімі» үшін сотталып, 2017 жылы бостандыққа шыққан еді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать