Бауыр еті баласынан көрген жәбірлік. Балқаш тұрғыны өзінің туған анасын сабап тастады.Сұмдық жағдай қаладағы көпқабатты үйде болды.Күннің бірінде 44 жастағы еркек үйге ішіп келеді. Ал пәтерде 66 жастағы анасы немересімен отырады. Содан екі жақты сөз ұрыспен жалғасады. Нәтижесінде, есін мүлдем білмеген еркек зейнеткерді аяусыз ұрып тастаған.Тіпті, әйелдің қол-аяғы көгеріп, көзі қанталап қалған.Қазір туған анасын соққыға жыққан еркек 15 күнге уақытша ұстау изоляторына отыр.Және ол «мен мас болғандықтан анамды ұрғанымды білмеймін» деп ақталды.
Әлия Тейлянова- мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:«Сотталушы азамат өзінің жасаған ісін мойындады.Анасын мас болып тұрып қалай ұрып тастағаны ісінде жоқ.Бірақ оған қатысты іс қозғалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login