Балқашта садақ атудан өткен халықаралық жарыс өз мәресіне жетті

Балқашта садақ атудан өткен халықаралық жарыс бүгін өз мәресіне жетті. Қырғызстаннан және еліміздің өзге қалаларынан келген 30 дан аса қатысушы өзара мықтыларды анықтады. Сонымен дәстүрлі садақтан оқ атудан әйелдер арасында қырғызстандық Саадан Бейшеева біріншы орын алды. Ал ерлер арасында бас жүлде балқаштық Жанәлм Мухаметжановқұа бұйырды.

Жанәли Мұқаметжанов-жарысқа қатыушы
«5 оқтан 6 мүмкіндік берілді. Бірінші мүмкіндікте 5 оқтың үшеуін тигіздік. Бұл жерде ең жоғарғы ұпай 11 ұпай болды. Соның 102 жинадым».

Ал ,М1, олимипиялық шеңбер бойынша қыздар мен ерлер арасына шымкенттіктер өздеріне қарсылас шақ келтірмеді. Оңтүстік өңірден келген Диана Тұрсынбек және Жомарт Бектұрсын бәрінен көп сұр мерген атанды.

Жомарт Бектұрсын-жарысқа қатысушы
«8- ден басталып екі адам финалға шығады. Мен финалға дейін жеттім. 50 метр қашықтықтап 5 серия аттық, 3 оқтан. Кішкене жел болып тұрды. Соның әсерінен кішкене аздау тиді. Бірақ, бірінші орын алдым».

Командалық есеп бойынша Түркістан облысы бірінші орын алды. Оңтүстіктен келген мергендер былтырғы жетістіктерін биыл да қайталады. Күміс жүлде балқаштықтардың қоржынында. Ал қола алматылықтарға бұйырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать