Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды.
Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.
Балқаш ветеринария бөлімі жеке аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын союға қатаң тиым салады.
Жануарларды сою ветеринариялық-санитариялық Ережелерге сай мал сою алаңдарында, жүзеге асырылуы тиіс. Құрбан айтқа байланысты қаламызда төрт арнайы орын бекітілген. Олар: «Агрико-Ет» ЖШС, Степная көшесі,1., ЖК «Дюзбаева», Сванкулова көшесі,1
Рұқсат етілмеген орындарда мал сойғаны үшін қанша айыппұл күтіп тұрғанын және құрбандық қалай шалынатынын мына сілтемеге өтіп біле аласыздар: ҚҰРБАНДЫҚ ҚАЛАЙ ШАЛЫНАДЫ
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login