Алматы –Екатеринбург трассасында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. 6 адам түрлі жарақатпен орталық ауруханаға жеткізілді.
Шұбар Түбек кентінің маңында жантүршігерлік тағы бір жол апаты болды. Жүріп келе жатқан көліктің терезесінен шығып, селфи жасамақшы болған әйел қаза тапты. УАЗ автомобилінің жолаушысы терезеден шығып фотоға түспек болған.
Балқашта аулада тұрған мерседес өртенді. Оқыс оқиға бүгін таңғы 5 тер шамасында Мұхамеджанов м\а болды. Тілсіз жау көліктің оң жақ дөңгелегінен басталған. Содан қызыл жалын шарпып автомобильдің алдыңғы бөлігін отқа ораған.
Балқашта соңғы 6 айда 5 көлік өртенген. Ал жалпы осы жылы ТЖБ кезекшілеріне 207 хабарлама түсіпті. Соның 35-і өрт ретінде тіркелген. Ал былтыр 48 жағдай есепке алынған.
Балқашқа косерватория студенттері мен Қазақстанның түрлі қаласынан музыкант ұстаздар келді. Қонақтар өздерімен бірге ән шашу ала келген. Өнер мектебінде бүгін концерт қойды.
Қыстың қамын жаз ойла! Барша адам асыға күтетін жаз мезгілінің аяқтауына 3 апта уақыт қалды. Алда алтын күз келе жатыр. Ал бұл кезде тұрғындар қысқа дайындала бастайды. Әсіресе әйелдер қауымы салат жауып, қайнатпа қайнатып әбігерге түседі. Биыл балқаштық нәзік жандылар қысқа не жасамақ? Отбасын қандай дәмді тағамдармен қуантпақ? Оны сауалнама айдарынан білейік.
Бүгін бүкіл әлем мысық күнін атап өтуде. Олар талай заманнан бері ең көп тараған үй жануарларының бірі болып саналады. Статистика бойынша бүкіл дүние жүзіндегі тұрғындардың 40 пайызы үйінде мысық ұстайды. Балқашта да оларды өсіріп, көбейтін отырған жандар бар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login