Балқаш жаңалықтары 30 шілде 2018

1. Қоңыраттағы қазандықты жөндеу жұмысы қалай жүруде? Автобустар қашан жиі қатынай бастайды. Қала әкімі Александр Аглиулин қоңыраттықтармен кездесіп, осы және өзге де даулы сұрақтарға жауап берді.

2. Қазэнергоцентр жаңа орынға көшті. Мекеме қызметкерлері барлық коммуналдық қызмет ақысы қабылданатын «бірыңғай төлем орталығына» жайғасты. Қазэнергоцентр мекемесі бұрынғы орнынан алысқа ұзай қоймады.

3. Балқашта В және С гепатитін жұқтырушылар азайған. Егер былтыр 80 адам тіркеуге алынса, биыл олардың қатары 9 адамға сиреген. Сонымен бірге А гепатитімен ауырған науқастардың саны да төмендеп отыр. Егер 2017 жылыдың 1 тоқсанында 2 жағдай тіркелсе, осы жылы тек 1 адамнан анықталған.

4.Русаков ескерткіші орнынан алынды. Әзірге оның қайда қойылатыны белгісіз. Бір анығы, мәдениет сарайының маңайын аббаттандыру жобасы бойынша геологтың монументі басқа жерге көшуі тиіс. Қазір ескерткіш қоймада сақтаулы тұр.

5. Балқаштық бишілер Түркия елінде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті. Қаламыздағы өнер мектебінің «Ақ Маржан» тобы гран-при иегері атанды. Топтың 10 және 13 жастағы 16 мүшесі онда сюжетке толы 3 бимен сахнаға шыққан. Композицияның құрылымы мен биді орындау шеберлігін бағалаған қазылар алқасы балқаштықтарды бас жүлдеге лайық деп таныды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать