Қалалық әскери комиссариат медицинилық тексеруді бастады. Науқанның алғашқы күнінде 35 шақырылушының барлығының дендері сау, әскери міндетке дайын болып шықты. Ал жоспар бойынша маусым айында 150 балқаштық отан алдындағы борыныш өтеуге аттанады. Олардың 60-ы ұлттық гвардияға, 39-ы шекаралық қызметке жөнелтілмек. Және 45 балқаштық қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде тиісті міндеттерін атқарса, тек 3 әскерге шақырылушы мемлекеттік күзет қызметінде ел тыныштығын кірпік қақпай күзететін болады.
Нұржан Аманжолов – Балқаш қаласының қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімнің басшысы
«Біз тексерісті өткен жұмадан бастадық. Бүгін 35 әскерге шақырылушыны ҚР-ның ұлттық қауіпсіздік қызметіне жібердік. Әзірше әскерге жарамсыз, денсаулықтарында шағымы барлар кездеспеді».
Алайда, әзірше кімнің нақты қайда баратыны белгісіз. Бір анығы биылғы шақырушылардың медициналық қорытындылары көңілді қуантады. Өйткені, әскери өмірге жарамсыздар дегендер кездеспеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login