1.68 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген БГТК жатақханасында құрылыс басталды. Биыл облыстан қаржы бөлінген. Алайда қажетті 306 млн орнына әзірге тек 58 млн беріліпті.
2.Балқашта құбырлардың сыртын қаптап, қыс мерзіміне дайындау басталды. Су Жылу Транс мекемесі тек қаланы ғана емес сондай –ақ Қоңырат м\а мен Балқаш станциясы және Саяқ кентіндегі жылу желілерін қамтиды.
3.Балқашқа жұмыс сапарымен Праламент Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова келді. Құрметті қонақ Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру үшін білім және денсаулық сақтау саласының мамандарымен кездесті.
4.Балқашта тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алғысы келетін тұрғындардан өтініш қабылдау басталды. Қазір қаламызда 10 м\а 45 пәтерлі екі үй тұрғызылуда. Оның 1 шаршы метрі 90 мың теңгеге бағаланып отыр.
5.Енді Telegram-бот арқылы дәрігерді үйге шақыруға болады. eGov.kz порталында жаңа 3 қызмет пайда болды. Сол арқылы емханаға тіркеліп, дәрігердің қабылдауына жазылып және үйге шақыра аласыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login