1.Жанармай бекетіндегі жалынның себебі белгілі болды. Жұрттың үрейін ұшырған қауіпті өрт бензин құятын пистолеттен басталған.
2. Осыны ескерген ветеринарлық бөлім тиісті талаптарды орындамаған 9 кәсіпкерді жазаға тартты. Оның ішінде балықтарды рұқсатсыз, мамандарға тексертпей сатқан 3 сатушыға айыппұл салды.
3. Балқаш мыс балқыту зауытында көп жыл бойы еңбек етіп, тер төккен 11 балқаштық бүгін су жаңа көлік мінді. Мәдениет сарайында Балқаш мысының 80 жылдығына және мысшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
4. Елімізде білім гранттардың саны белгілі болды. Биыл мектеп бітірген түлектерге жалпы саны 43 мың грант тағайындалды. Оның ішінде көбісі техникалық мамандықтарға теиіслі. Ал ең аз дегені заңгерлерге үлестірілмек.
5. Қарағанды облысының тұрғындары сирек ажырасатын болған. Биыл 2106 шаңырақ шайқалса, 2017 жылы 2000 отбасы некелерін бұзған. Яғни 100 жағдайға аз. Облысымызда керсінше шаңырақ көтеріп, үйлі болушылардың саны артып отыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login