Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Боранқұл Алиханды 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін!
Ата-әжеңнің таусылмайтын жыры бол,
Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол.
Қызғалдақтай құлпыра бер әрқашан,
Шын жүректен тілейтін тілегіміз сол.
Күлкілерің тек пәктіктен жаралған,
Қылықтарың адалдықтан таралған.
Бейкүнә жан сәби жүрек-ақ жүрек,
Мына өмірде періштеге саналған.
Балпаң басқан қадамың сәтті болсын,
Татқаның мына өмірден тәтті болсын.
Ақылды адам, білімді ұл, білгір жан боп,
Азаматым, әр күнің шатты болсын!
Ата-анаңның қасында
Аман-есен жүре бер.
Ұзақ болсын ғұмырың
Бақытты өмір сүре бер!
Т/б: нағашы ата-апасы: Жарылқап-Гаухар, ағасы – Али.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login