Балқаштық құтқарушылар ешкіні құтқарды

Балқаштық құтқарушылар ешкіні құтқарды. Көлге түспек болған лақ ашық көлге жүзіп кетіп, кері қайтпай қойған. Ал оқиға демалыс күні болды. Мал иесі медициналық колледж аумағындағы көл маңында жануарларды бағып жүрген. Түс ауа ешкілердің бірі қатты ыстықтаған болу керек, суға қашып иесіне ұстатпай кетіпті. Содан жүзіп, жағадан бірнеше метрге алыстап ашық көлге кетіп қалған. Ал оның кері қайтар ойы жоқ екенін көрген тұрғын судан құтқару бекетіне барып көмек сұрапты. Кезекші құтқарушы мал иесінің сөзін жерге тастамай қайықпен барып, қыста ғана туылған ешкі төлін құтқарып алған.

Игорь Метельский-судан құтқару бөлімшесінің бас құтқарушы

«20 жыл ішінде мұндай оқиға бірінші рет болды. Жануардың да жаны бар.  Құтқарушылар жеткенде ол әлсіреп, суға бата бастаған. Біз оны мүйізінен ұстап, қайыққа салып алдық. Кейін иесіне тапсырдық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать