1.Жаз ортасында Балқашта бұршақ жауды. Табиғаттың мұндай тосын сыйы демалушыларды таң қалдырды. Әсіресе саяжайшылар абдырап қалды. Себебі күтпеген жерден жауған бұршақ еңбектеніп еккен өнімдерін жойып жіберген.
2.Балқашта биыл жөнделетін аулалардың тізімі қысқарды. Жоспар бойынша 2018 жылы 14 алаң аббаттандырылу керек еді. Алайда, тек 8-і көрікті орынға айналады.
3. Шу қаласында аударылған пойыздың себебі анықталды. Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша жүргек пойыздар жолдардың нашар болуынан апатқа ұшырады дейді.
4.Бүгін Балқашта каратэ — до шотоканнан тартысты бәсеке басталды. Татами төріне Қазақстан мен Ресей елдерінің 200-ге тарта спортшылары шығып, екі күннің ішінде өзара чемпионды анықтайтын болады.
5.Шілде айында қазақстандықтар 10 күн демалатын болды. Күнтізбеге сәйкес 10 күннің 9-ы сенбі мен жексенбіге дөп түсіп тұр. Ал 6 шілде күні қазақ елі Астананың туған күнін тойлайды.
Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login